Ақаулықтарды жою

Бұл бөлімде SNMP қызметін пайдалану кезінде кездесетін бірнеше типтік мәселелердің шешімдері келтірілген.

Үшінші тарап бағдарламасы SNMP қызметіне қосыла алмайды

SNMP қызметінің Kaspersky Security Center-мен пайдалану үшін SNMP қызметін конфигурациялау бөлімінде сипатталғандай орнатылғанын және конфигурацияланғанын тексеріңіз.

SNMP қызметі жұмыс істейді, бірақ үшінші тарап бағдарламасы ешқандай мән ала алмайды

SNMP агентін трассалауға рұқсат етіңіз және бос емес файл жасалғанына көз жеткізіңіз. Бұл SNMP агенті дұрыс тіркелгенін және жұмыс істеп тұрғанын білдіреді. Осыдан кейін, қызмет параметрлерінде SNMP қызметінен қосылуға рұқсат етіңіз. Қызмет SNMP агентімен бір құрылғыда жұмыс істеп тұрса, IP мекенжайлары тізімінде осы құрылғының IP мекенжайы немесе loopback 127.0.0.1 болуы мүмкін.

Windows жүйесінде агенттермен өзара әрекеттесетін SNMP қызметі болуы керек. regedit көмегімен Windows тізімдемесінде SNMP агенттеріне апаратын жолдарды көрсетуге болады.

Сондай-ақ, regedit көмегімен SNMP агентін трассалауға рұқсат бере аласыз.

Мәндер Басқару консолінің күйлеріне сай келмейді

Басқару серверіне түсетін жүктемені азайту мақсатында, SNMP агенті үшін мәндерді кэштеу жүзеге асырылған. Кэшті өзектендіру мен Басқару сервердегі өзгертілетін мәндер арасындағы кідіріс SNMP агенті қайтаратын мәндер мен нақты мәндер арасындағы сәйкессіздікті тудыруы мүмкін. Үшінші тарап бағдарламаларымен жұмыс істеу кезінде ықтимал кідірісті ескеру қажет.

Басына оралу